Баһрам Ғасеми АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөзіне реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы дұшпандық сөзіне реакция білдіріп: «Таяу Шығыс аймағындағы сұм мақсаттарына жете алмаған АҚШ үкіметі басқаларға қоқан-лоққы жасауға көшті» деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Баһрам Ғасеми жексенбі күні: «АҚШ Мемлекеттік хатшысының Бейруттегі Иран мен Ливан Хизболласына қарсы дипломатия негіздерінен кенде арандатушы әрі араласушы сипаттағы сөзі АҚШ-тың азат әрі тәуелсіз елдер мен әлемнің азаттық талап етуші халықтарына қарсы болмысы мен әрекетін әшкереледі. Мұндай ұстанымдар мен пікірлер АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы жобалары мен саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанынан туындап отыр. Сонымен қатар сол елдің қисынсыз басшыларының Ливандағы халықтың бірлігі мен Ливан үкіметінің құрылуынан кейін елде орнатылған тыныштық пен тұрақтылыққа ашу-ызасының белгісі»,- деді.