Иранның сауданы дамыту ұйымының төрағасы Қазақстанмен байланысты кеңейтуді қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i4168-Иранның_сауданы_дамыту_ұйымының_төрағасы_Қазақстанмен_байланысты_кеңейтуді_қуаттады
Иран Ислам Республикасының сауданы дамыту ұйымының төрағасы экономикалық және сауда- саттық салалары бойынша Қазақстанмен екі жақты байланысты кеңейтуді қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 11, 2016 16:34 Asia/Almaty
  • Иранның сауданы дамыту ұйымының төрағасы Қазақстанмен байланысты кеңейтуді қуаттады

Иран Ислам Республикасының сауданы дамыту ұйымының төрағасы экономикалық және сауда- саттық салалары бойынша Қазақстанмен екі жақты байланысты кеңейтуді қуаттады.

Иранның сауданы дамыту ұйымының төрағасы Уәлиолла Афхамирад Теһранда Иран мен Қазақстан кәсіпкерлері кеңесінің отырысында түрлі сала бойынша ынтымақтастық құжаттарына қол қойылғанына сілтеме жасап: «Игі саяси байланыстар және екі елдің жоғары мәртебелі қайраткерлерінің сапары барлық салалар бойынша ортақ ынтымақтастықтарға алғышарт әзірлеп отыр» деді.

Афхамирад Иран үкіметінің қаржы салуға және Иран мен Қазақстанның сауда- саттық байланыстарының күн санап кеңеюіне қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеп: «Екі елдің ынтымақтастығы жақсы артып келеді. Иран мен Қазақстанның мүмкіндіктері негізінде сауда- саттық көлемін арттыру қажет» деді.