Ғасеми: АҚШ Иранның селге ұшыраған халқына көмек жеткізу жолдарын жапты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41702-Ғасеми_АҚШ_Иранның_селге_ұшыраған_халқына_көмек_жеткізу_жолдарын_жапты
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми: «АҚШ «Қызыл жарты ай» қоғамының есеп-шоттарын жапты. Осылайша, іс жүзінде басқа елдердің Иранда селге ұшыраған халыққа көмек беруін тоқтатты. «Қызыл жарты ай» қоғамының есеп-шоттары бұғатталғаннан кейін ешбір шетелдік және шетелде тұратын ирандық азамат селге ұшыраған халыққа ақшалай көмек жібере алмайды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2019 14:21 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ Иранның селге ұшыраған халқына көмек жеткізу жолдарын жапты

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми: «АҚШ «Қызыл жарты ай» қоғамының есеп-шоттарын жапты. Осылайша, іс жүзінде басқа елдердің Иранда селге ұшыраған халыққа көмек беруін тоқтатты. «Қызыл жарты ай» қоғамының есеп-шоттары бұғатталғаннан кейін ешбір шетелдік және шетелде тұратын ирандық азамат селге ұшыраған халыққа ақшалай көмек жібере алмайды.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына бір жыл толу қарсаңында осындай шара қолдануы "санкциялар Иран халқына қарсы емес, олардың мүддесіне сай" дейтін осы ел басшыларының күлкілі ұрандары мен уәждеріне қарамастан халыққа қарсы екенін көрсетеді.

Әдетте, тіпті ауыр, төтенше жағдайларда банк жүйесі шектелмей, «Қызыл крест» пен «Қызыл жарты ай» сияқты ұйымдар тарапынан халыққа гуманитарлық көмек жіберуге мүмкіндік жасалады. Алайда АҚШ антигуманистік шара қолданып, Иранда селге ұшыраған халыққа көмектесу жолдарының барлығын жауып тастады. Әлемдік қауымдастық пен халықаралық жәрдем беру ұйымдары осындай адамгершілікке жат әрекетке қарсы тұруы керек",-деді.