Ислам революциясының жетекшісі: Негізгі жұмыс – селден қалған қирандыларды қалпына келтіру
Ислам революциясының жетекшісі ел Үкіметінің жауапты тұлғаларына негізгі жұмыстың, яғни селден қалған қирандыларды қалпына келтіріп, шығындарды өтеу екенін баса айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи, бүгін сәрсенбі күні жүйенің жауапты тұлғалары, ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі топтары өкілдерімен кездесуінде елдің әртүрлі облыстарында болған су тасқынына тоқталып: "Бұл оқиғада халықтың талпынысы, тілеулестік рухы мен жұмыла әрекет етуі өте жақсы байқалды. Иран халқы жанкештілік танытып, жауапты тұлғаларға көмектесті. Жауапты тұлғалар осындай халықтың қолдауы мен бірауыздылыққа сүйеніп, тиісті шараларды атқаруы тиіс",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлыққа таңдалу тақырыбына тоқталып, әртүрлі қоғамдарда пайғамбарлардың пайда болуын "Алланың бірлігі, құлшылық" және "пұтқа табынушылықтан бас тарту" жолындағы ұлы қозғалыс деп атап: "Пұтқа табынушылық – шын мәнінде, Алланың бірлігіне қарсы қозғалыс. Оның бүгінгі дәлелі – АҚШ пен кейбір елдердің басшылары. Сионистік режимнің ұзақ жылдар бойғы басқыншылығы – пұтқа табынушылардың соғысқұмарлығының айқын үлгісі. Палестиналық моджахедтер мен Ливан Хезболласының күрестері, сондай-ақ, Иран халқының 8 жылдық қорғанысы – Алла жолындағы джиһадтың айқын дәлелдері",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иран Ислам революциясы мақсатының Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) адалдықты жалғастыру екенін айтып: "Ислам республикасы жүйесімен жауласудың басты себебі – пұтқа табынушылар майданының Алланың бірлігіне сенушілермен дұшпандығы. "Өздеріңізге жау таппаңыздар" деген сөйлем қате. Өйткені, пұтқа табынушылар майданы Алланың бірлігі принципі мен болмысына қарсы. АҚШ пен оның Сауд Арабиясы сияқты нөкерлері Алланың бірлігі жолынан бас тартудан басқаға риза болмайды. Егер Иран халқы осы күнге дейінгі қозғалысын жалғастырса, дұшпандардан, АҚШ пен оның қолшоқпарларынан басым түсіп, жеңетіні шәксіз",-деді.