Мунесан: Иран мен Түркіменстанның Наурызды бірге тойлауы – бейбітшіліктің жолдауы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41713-Мунесан_Иран_мен_Түркіменстанның_Наурызды_бірге_тойлауы_бейбітшіліктің_жолдауы
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Әли Асқар Мунесан Иран мен Түркіменстанның Наурызды бірге тойлауын бейбітшіліктің жолдауы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 04, 2019 13:27 Asia/Almaty
  • Мунесан: Иран мен Түркіменстанның Наурызды бірге тойлауы – бейбітшіліктің жолдауы

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Әли Асқар Мунесан Иран мен Түркіменстанның Наурызды бірге тойлауын бейбітшіліктің жолдауы деп атады.

Әли Асқар Мунесан бейсенбі күні Иран мен Түркіменстанның Наурызды алғаш рет бірге тойлау рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Наурыз – мейірім мен достықтың, жақсырақ болашаққа деген үміттің және гүлденуге талпынудың жолдауы. Наурыз – халықтар, діндер мен туыстар арасында бейбітшілік пен достықтың жаршысы болумен қатар, жер мен табиғатты құрметтеуге арналған көзқарас және жердің берекесін еске түсіретін мейрам",-деді.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Мунесан 30 ел қалыбында әртүрлі ұлттарды қамтитын 300 млн-нан астам адамның Наурызды, табиғаттың қайта туу мейрамын тойлайтынын айтып, Иран мен Түркіменстан үкіметтерінің екіжақты қарым-қатынасты дамытып, мәдени делегациялармен алмасуға күш салып жатқанына ризалық білдіріп, Наурыз мейрамы мен мәдениетіне ие елдер арасында туризм мәдениетін дамытудың бабалардың тағылымын тануға көмектесетініне үміт білдірді.

Иран мен Түркіменстанның Наурызды алғаш рет ортақ тойлау рәсімі екі ел басшылары орынбасарларының қатысуымен бүгін Хорасан-е Разави облысының солтүстігінде орналасқан Баджгиран шекаралық өткелінде өтті.

БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Наурызды дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне тіркеп, нәтижесінде 21 наурыз БҰҰ-ның күнтізбесінде Дүниежүзілік Наурыз күні болып белгіленді.