АҚШ-тың исламдық Иран халқымен дұшпандығының тереңдігі тағы да байқалды
Иранның Қорғаныс министрі генерал Амир Хатами: "АҚШ Иранда селге ұшырағандарға арналған халықаралық гуманитарлық көмектерді енгізуге тосқауыл қою арқылы өзінің ИИР-мен жауластығының тереңдігін тағы көрсетті",-деді.
Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрлігінің баспасөз қызметінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, генерал Амир Хатами АҚШ-тың исламдық жүйеге ғана қарсы емес екенін дәлелдегенін, сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен адамдарды құтқару үшін қажет ең қарапайым заттардың жеткізілуіне кедергі жасап отырғанын айтты.
Иранның Қорғаныс министрі, сондай-ақ, АҚШ зерттеу орталықтарының Иранда су тасқынында мыңдаған адам қаза тапқаны туралы қате болжамына тоқталып: "Иран үкіметінің атқарған шаралары және Қарулы күштер мен жауапты тұлғалардың уақытылы іске кірісуінің арқасында су тасқынында қаза болғандар мен жараланғандардың саны батыстықтар болжағаннан әлдеқайда аз болды. Алайда, тіпті бір отандастың қайтыс болуы – жанға бататын, орны толмас қайғы",-деді.