Иран мен Қазақстан ынтымақтастық меморандумы мен келісімшарттарға қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i4174-Иран_мен_Қазақстан_ынтымақтастық_меморандумы_мен_келісімшарттарға_қол_қойды
Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы екі жақты қарым-қатынастарды бұрынғыдан көбірек кеңейту үшін түрлі салада 9 ынтымақтастық меморандумы мен келісімшартына қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 11, 2016 17:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан ынтымақтастық меморандумы мен келісімшарттарға қол  қойды

Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы екі жақты қарым-қатынастарды бұрынғыдан көбірек кеңейту үшін түрлі салада 9 ынтымақтастық меморандумы мен келісімшартына қол қойды.

Ынтымақтастық меморандумына бүгін, дүйсенбі күні Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы президенттері Хасан Рухани мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен екі елдің жоғары мәртебелі қайраткерлері Теһранда қол қойды.

Иран мен Қазақстан арасында қол қойылған меморандумдардың қатарын өнеркәсіп, сауда және қаржы салу негізіндегі экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту протоколы, Жібек жолы бағытында тасымалдау мен транзит саласындағы ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасы және Иранның Орталық банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастық меморандумдары құрады.

Иран Ислам Республикасы Темір жолы компаниясы мен Қазақстан Республикасы Темір жолы компаниясының ынтымақтастық меморандумы, Иранның кеме қатынасы компаниясы мен Қазақстан Темір жолының «GSG» ұлттық компаниясы арасындағы ынтымақтастық протоколы және Иранның ұлттық даму қоры мен Қазақстанның «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингінің ынтымақтастық меморандумы екі ел арасында қол қойылған өзге құжаттарға жатады.

Иран мен Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік бөлімдерінің экономика саласының белсенділері кеше, жексенбі күні де құны шамамен бір млрд долларды құрайтын 44 ынтымақтастық меморандумына қол қойды.