Ислам революциясының жетекшісі америкалық әскерилерді тез арада Ирактан шығаратын шара қолдануды сұрады
Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың өз сөздеріне керісінше демократия мен Ирактағы қазіргі саяси белсенділерді өздеріне зиян санайтынын, Ирак үкіметі америкалық әскерилердің тез араза Ирактан шығуына жағдай жасауы керектігін айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні Ирак Премьер-министрі Адель Абдул-Махди мен қасындағы делегациямен кездесуінде америкалық әскерилердің аймақ елдерінде орналасуын аймақ мемлекеттері мен халықтары үшін зиян деп атап: "Америкалықтар Иракты басып алған кездегі әскери үкіметтер сияқты мемлекет құруды және ұзақ мерзімді мүдделерін ілгерілетуді көздейді",-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи америкалықтар мен саудиялықтардың Ирак жайлы сөздерінің олардың ішкі ниеттерімен үйлеспейтінін айтып: "Олар ДАИШ Мосулды басып алған кезде оларға қаржы, қару-жарақ пен жабдықтар жіберіп отырды. Енді Ирак ДАИШ-ты жеңген кезде оған достық нышанын білдіріп отыр",-деді.
Ирак Премьер-министрі Адель Абдул-Махди да Бағдадтың ешқашан АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қосылмайтынын айтып: "Иран үкіметі мен халқы ең ауыр жағдайларда әрдайым Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылып келеді. Оның ең соңғы үлгісі – Ирактың ДИАШ-ты жеңуі. Бұл Иранның қолдауымен жүзеге асырылды",-деді.