Иранда ядролық технология бойынша 114 жобаның тұсаукесері өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41751-Иранда_ядролық_технология_бойынша_114_жобаның_тұсаукесері_өтеді
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы 9 сәуірде ядролық технологияға байланысты 114 жобаның тұсаукесер рәсімінің өтетінін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 08, 2019 12:32 Asia/Almaty
  • Иранда ядролық технология бойынша 114 жобаның тұсаукесері өтеді

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы 9 сәуірде ядролық технологияға байланысты 114 жобаның тұсаукесер рәсімінің өтетінін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Салехи жексенбі күні 9 сәуірде ИИР Президенті Хасан Руханидің қатысумен іске қосылатын жобаларға тоқталып: «Иран Атом қуаты ұйымы ядролық технология саласындағы 114 жобаның тұсаукесер рәсімін өткізеді. Олардың кейбіреуі телеконференция түрінде, басқалары негізгі залда көрсетіледі. Бұл жобалар – өткен бір жылда жобаларды әртүрлі тұрғыдан зерттеген ғылыми комитеттің жұмыстарының нәтижесі»,- деді.