Арақчи: Иран аймақтағы америкалық әскерилерді лаңкес санайды
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Аракчи бұдан былай Иран үшін аймақтағы америкалық күштердің лаңкес саналатынын қуаттады.
Сейед Аббас Арақчи Иран Телерадио бірлестігінің екінші арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне тіркеген дұшпандық әрекетіне реакция білдіріп: «Иран да аймақтағы өз базаларындағы америкалық күштерді әскерилер деп санамайтын болады. Біз үшін бұл базалар лаңкестік базалар, оларда орналасқан әскерилер лаңкестер саналатын болады»,- деді. Арақчи АҚШ-тың Иранға қарсы шешімін ИИР-ның негізгі «қызыл сызықтарының» бірінен өткен стратегиялық қателік деп атады.
Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің басшысы Камал Харрази де америкалық күштердің Парсы шығанағынан қатынайтынын айтып: «Парсы шығанағының қауіпсіздігін қорғау Ислам революциясы Сақшылар корпусының міндетінде. Сондықтан әртүрлі оқиға болуы мүмкін»,- деді.