Рим папасы Иранда селге ұшырағандарға гуманитарлық көмек жіберді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41800-Рим_папасы_Иранда_селге_ұшырағандарға_гуманитарлық_көмек_жіберді
Әлем католиктерінің басшысы Франциск Иранда селге ұшырағандарға гуманитарлық көмек жіберді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 13, 2019 14:31 Asia/Almaty
  • Рим папасы Иранда селге ұшырағандарға гуманитарлық көмек жіберді

Әлем католиктерінің басшысы Франциск Иранда селге ұшырағандарға гуманитарлық көмек жіберді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлем католиктерінің басшысы Рим папасы Франциск Иранда селге ұшырағандарға 100000 еуро ақшалай көмек жіберді. Бұл қаражат Ватиканның Теһрандағы елшігі арқылы таратылатын болады.

Бұл гуманитарлық көмек халыққа көмектесу үшін жұмсалатын болады.

Әлем католиктерінің басшысы осыдан бұрын хат жіберіп, Иранда селге ұшырағандарға жанашырлық білдіріп, селден қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып, жапа шеккендерге сабыр тілеген болатын.

Соңғы үш аптадағы бұрын-соңды болмаған жауын-шашын салдарынан Иранның солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде болған су тасқыны өте көп қаржылай және адами шығын әкелді. Иранның Сот-медициналық сараптама ұйымы селден қаза болғандардың санын 70 адам деп жариялады.