Кейбір Ислам елдерінің басшылары – АҚШ пен сионистердің нөкерлері
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41824-Кейбір_Ислам_елдерінің_басшылары_АҚШ_пен_сионистердің_нөкерлері
Ислам революциясының жетекшісі Құран Кәрім халықаралық жарысына қатысушылармен кездесуінде кейбір ислам елдері басшыларының Құран тағылымдарына сай амал етпейтінін айтып, оларды АҚШ пен сионистердің нөкерлері деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 15, 2019 13:34 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Құран Кәрім халықаралық жарысына қатысушылармен кездесуінде кейбір ислам елдері басшыларының Құран тағылымдарына сай амал етпейтінін айтып, оларды АҚШ пен сионистердің нөкерлері деп атады.

Аятолла Хаменеи кездесуде Құранға сай амал етудің ғиззат, тұрмыс, даму, құдырет, бірлік пен бұл дүниеде тату-тәтті өмір сүру мен ақыреттегі бақытты қамтамасыз ететініне тоқталып, кейбір Ислам елдерінің басшыларын қайшылықтарға, Сирия мен Йемендегі соғыс пен мұсылмандардың қырылуына себеп болды деп атады. Аятолла Хаменеи ислам үмбеті мен адамзаттың көптеген қиындықтарының себебін Құран тағылымдарына сай амал етпеумен байланыстырып: "Қазіргі таңда Алланың көмегімен Ислам республикасында халықтың, әсіресе жастардың Құран тағылымдарына сүйенуі күннен күнге артып келеді. Құранға сүйену исламдық жүйені бақытқа, күш-қуат пен ғиззатқа жеткізеді",- деді. Ислам революциясының жетекшісі  Құранға сай амал етуді Алланың ұмытпау мен тақуалықтың белгісі деп бағалап, шәһидтерді тақуалығы жоғары адамдар деп атап: "Біздің шәһидтеріміз Иран халқына үлкен сабақ берді. Олардың бір мысалы халықтың су тасқыны болған аймақтарға жаппай көмектесуі болды",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, Ислам республикасына қарсы дұшпандықтарға тоқталып: "Дұшпандықтар бұрынғы кезеңге қарағанда арта түскенімен, бұл әрекеттер мен қастандықтар – дұшпандардың Ислам республикасына қарсы соңғы дұшпандық жобалары.  Дұшпандар Иран халқына қарсы әрекеттерін артып, Иран халқының Құран тағылымдарына табандылық білдіруіне ызаланған сайын бұл халық одан сайын күшейіп, Құранға одан сайын жақындай түседі",- деп баса айтты.