Иран әлемнің 9 ғарыш елінің қатарына кіреді
Иранның Ғарыш ұйымының басшысы Мортаза Барари ИИР-ның әлемнің ғарыш елдері қатарына кіретінін хабарлады.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мортаза Барари жексенбі күні Теһрандағы Ғылым және технология үниверситетінің «Жаңа технологиялар» факультеті жетістіктері көрмесінің ашылу рәсімінде Иранның Ғарыш ұйымының елдің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығына тоқталып, ИИР-ның ғылыми тұрғыдан әлемде 11-ші, аймақта 1-ші орында орналасқанын мәлімдеді. Иран Ғарыш ұйымының басшысы сондай-ақ, бұл ұйымның ең маңызды бағдарламаларының бірінің ғарыш технологияларын жетілдіру екенін қуаттап, ИИР-ның жерсерігі мен оны ғарышқа жіберетін зымыран жобалап жасау, бақылау орталығы мен бейнематериалдар аялдамасын іске қосу және жерсерігі деректерін өңдеу мүмкіндіктеріне ие екенін айтты.