Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы америкалық әріптесінің Зарифке қарсы твитіне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41961-Иран_СІМ_нің_баспасөз_хатшысы_америкалық_әріптесінің_Зарифке_қарсы_твитіне_реакция_білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Моусави АҚШ Мемлекеттік депаратаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагустың Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы твитіне реакция білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 29, 2019 11:23 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы америкалық әріптесінің Зарифке қарсы твитіне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сейед Аббас Моусави АҚШ Мемлекеттік депаратаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагустың Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы твитіне реакция білдірді.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың ақпарат құралдарына берген сұхбаттарына реакция білдіріп, АҚШ-та орналасқан әлеуметтік желілер әртүрлі сылтаулармен ирандық аккаунттарды жауып отырған жағдайда өз еліндегі азаттық туралы уәж айтып: «Зариф АҚШ-тағы азаттықты пайдалану үшін Нью-Йоркке келді»,- деп жазды. Ол сондай-ақ, Мұхаммад Джавад Зарифтың ақпарат құралдарына берген сұхбаттарының әсерлеріне алаңдаушылық білдіріп: «Кейбіреулердің осы күнге дейін Зарифты тыңдайтыны таңғалдырарлық жайт»,- деді.