Иранның ұсынысы АҚШ-пен келіссөз жүргізу емес, тек тұтқындармен алмасу
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i41981-Иранның_ұсынысы_АҚШ_пен_келіссөз_жүргізу_емес_тек_тұтқындармен_алмасу
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Моусави ирандық және америкалық тұтқындарды айырбастау туралы түсінік беріп, ұсыныстың келіссөз туралы емес, тек тұтқындармен алмасуға қатысты екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 01, 2019 11:27 Asia/Almaty
  • Иранның ұсынысы АҚШ-пен келіссөз жүргізу емес, тек тұтқындармен алмасу

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Моусави ирандық және америкалық тұтқындарды айырбастау туралы түсінік беріп, ұсыныстың келіссөз туралы емес, тек тұтқындармен алмасуға қатысты екенін айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Аббас Моусави ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың ирандық және америкалық тұтқындарды айырбастау туралы ұсынысының жаңа тақырып емес екеніне сілтеме жасап: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпай тұрып, келісімнің ортақ комиссиялары аясындағы екіжақты кездесулерде америкалық тарап әрқашан бұл мәселені қозғаған болатын»,- деді.

Моусави сөзінің жалғасында америкалықтардың Зарифтың ұсынысын қабылдамауын қатысты айтқан сөзінде: «АҚШ-тың тұтқындарды айырбастау ұсынысын қабылдамауымен Вашингтон басшыларының америкалық тұтқындар үшін өтірік жылайтыны және Ираннан үркіту саясатын жүргізуден басқа мақсатының жоқ екені белгілі болды»,- деп баса айтты.