Америкалықтар Иран мұнайының сатылуына кедергі жасай алмайды
ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың Иран мұнайын сатып алушыларға жеңілдіктердің мерзімін ұзартпағанына тоқталып, америкалықтардың Иран мұнайының сатылуына кедергі бола алмайтынын, ИИР-ның өз мұнайын сататынын баса айтты.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Иранның батысындағы Керманшаһ облысында бірнеше құрылыс, су және электр стансасы жобаларын бір мезгілде ашу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Иран ешкіммен жауласпайды, бірақ ешбір қастандықты жауапсыз қалдырмайды",-деді.
Рухани Иран халқының жанпидалығы мен күш-қуатының америкалықтардың ойлағанынан әлдеқайда артық екенін, Иранның дұшпандықтар мен қастандықтарға табандылықпен жауап беретінін айтты.
Рухани, сондай-ақ, Иранның 13 облысында бірнеше құрылыс, су және электр стансасы жобаларының бір мезгілде іске қосылғанына тоқталып: "Дұшпандардың қоқан-лоққысы мен жөнсіз сөздері көбейген шақта аталмыш жобалардың әрқайсысының іске қосылуы – дұшпандарға берілген үлкен соққы",-деп мәлімдеді.