Иран АҚШ-тың Венесуэлада төңкеріс жасау талпынысын айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Сейіт Аббас Моусави АҚШ-тың Венесуэлада төңкеріс жасау талпынысын айыптады.
Сеед Аббас Моусави бейсенбі күні кешке Иранның АҚШ-тың Венесуэлада төңкеріс жасауға немесе қандай да бір әскери әрекет жасау талпынысы мен америкалық басшылардың Венесуэлада бүлік пен қатігездік жасауға үгіттейтін сөздерін айыптайтынын мәлімдеді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Моусави америкалық басшылардың Венесуэлаға қарсы күш қолданып, әскери әрекет жасау туралы сөздеріне реакциясында басқа елдерге қарсы күш қолдану туралы қоқан-лоққы жасауды халықаралық құқықтарды, әсіресе БҰҰ-ның жарғысын әшкере түрде бұзу деп атап: «Өкінішке орай, АҚШ үкіметіндегі соғысқұмар, заңбұзар және бүлікшіл адамдар халықаралық жүйе мен тұрақтылыққа қатер төндіріп тұр. Әлемдік қауымдастықтың барлық мүшелері осындай әрекеттер мен шектен шығушылықты ауыздықтау үшін өз міндеттерін орындауы керек»,-деді.