Лариджани исламдық елдер Парламенттері басшыларын қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы исламдық елдер Парламенттері басшыларын қасиетті рамазан айының басталуымен құттықтады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли Лариджани исламдық елдер Парламенттері басшыларын рамазан айының басталуымен құттықтап: «Рамазан айы мұсылман халықтары арасындағы тілектестік, үндестік пен бірлікті нығайтатын және мұсылман қоғамының мәселелерін шешетін мұрсат»,- деді. Лариджани Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің исламдық елдер парламенттері арасындағы қарым-қатынастары мен кеңесулерін арттыруға дайын екенін жариялап: «Қасиетті рамазан айының берекесінің арқасында ислам әлемінің бауырластығы мен ынтымақтастығын дамыту саласында жаңа кезең ашылады»,- деп қуаттады.