Сардар Дехқан: Америкалықтардың Иранға қарсы әскери әрекеттенуге күші жетпейді
Иранның Қарулы күштері Бас қолбасшысының қорғаныс өнеркәсіп және қарулы күштерді қолдау саласындағы кеңесшісі америкалықтардың Иранға қарсы әскери әрекеттенуге күшінің жетпейтінін қуаттады.
Бригада генералы Хосейн Дехқан Қатардың «Әл-Араби» арнасына берген сұхбатында: «Америкалықтардың жан-жақты және кең ауқымды соғыс ашудан туындайтын дағдарысқа төзетін мүмкіндіктері мен әлемдік қоғамдық пікірдің алдында Иранға қарсы әскери әрекеттенетін күші жоқ. Америкалықтар мен израильдіктер, сондай-ақ Сауд Арабиясы қоғамдық жағдайды аймақ шынайы дағдарыстың қарсанында деп көрсетуге талпынуда. Бірақ олардың өздері бұл дағдарыста бір оқ атылса, оның салдары белгілі бір мекен және аймақпен шектелмейтіні туралы жақсы біледі»,- деді.