Сардар Салами: Иран дұшпанға қарсы тұруға сақадай сай
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42133-Сардар_Салами_Иран_дұшпанға_қарсы_тұруға_сақадай_сай
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы ИИР-ның дұшпанға қарсы тұруға сақадай сай екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 16, 2019 13:53 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Иран дұшпанға қарсы тұруға сақадай сай

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы ИИР-ның дұшпанға қарсы тұруға сақадай сай екенін айтты.

Генерал-майор Хосейн Салами сәрсенбі күні Теһранда Иранның ең ірі джиһадтық кешенінің тұсаукесер рәсімінде: "Дұшпандар бүгін максималды қысым жасау стратегиясын пайдаланып, барлық әлеуеттерін қолданып, Иран халқын нық қадамнан жаңылдыруға тырысып жатыр. Бірақ олар Иранның тыныштығы, қауіпсіздігі, абыройы мен салтанатының табандылық пен қарсыласуға қарыздар екенін білмейді, сондықтан бұл салада сәтсіздікке ұшырайды",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Ислам революциясының қазіргі жағдайын басқа кезден әлдеқайда маңыздырақ деп атап: "Бұл тарихи кезең дұшпандар барлық күш-қуатымен майданға шыққандықтан Ислам революциясының тағдыр айқындар кезеңі саналады",-деді.

Генерал-майор Хосейн Салами: "ИИР-дың дұшпандары соңғы межеге жетті. Олар сыртқы айбатына қарамастан, іштей бос",-деді.