АҚШ Ирандағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберткізбеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42175-АҚШ_Ирандағы_су_тасқыны_салдарынан_зардап_шеккендерге_гуманитарлық_көмек_жіберткізбеді
ИИР Медициналық академиясының басшысы АҚШ үкіметінің халықаралық құқыларды әшкере бұзуы, нақты айтқанда Ирандағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберткізбеуі мен дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге шектеу қоюына наразылық білдіріп, БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 20, 2019 08:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Ирандағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберткізбеді

ИИР Медициналық академиясының басшысы АҚШ үкіметінің халықаралық құқыларды әшкере бұзуы, нақты айтқанда Ирандағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберткізбеуі мен дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге шектеу қоюына наразылық білдіріп, БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады.

Әлиреза Маранди Антонио Гутеррешке жазған хатында: «Өкінішке орай АҚШ пен кейбір тәуелді Батыс үкіметтерінің халықаралық құқықтарға қайшы әрекеттерінің, нақты айтқанда Ирандағы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қаржы көмек жіберткізбеулерінің куәсі болдық. АҚШ үкіметінің әрекеттеріне қайшы тұрудың орнына адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар толық үнсіз қалып, халықтың зардап шеккен аймақтарды қайта құруға қажет   қаржымен қамтамасыз етілу құқыларын қорғаудан бас тартып отыр»,- деп айтылды. АҚШ Иранның Қызыл ай ұйымының есеп-шоттарын  бұғаттады.