Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ пен Израильдің құлдырауы міндетті түрде орын алады
Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні мыңдаған студентпен кездесуінде үміт сыйлайтын айқын жайттардыңң болуын кез келген қоғамдық әрекеттің ілгерілеуі мен жалғасуына себеп болатынын айтып:
«Ұлы істерді орындап, аяғына жеткізудегі Иран халқының дәлелденген ерік-жігері (бұл Ислам революциясының жеңіске жетуі мен жалғасуында толық көрінді) бұл халықтың айқын мақсаттар мен перспективаларды орындау үшін қозғалуына үміт беретін ең маңызды жайт болып табылады»,-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи осы кездесуде Алланың дініне жәрдемдесетіндердің жеңіске жететіні туралы бұлтартқысыз илаһи уәдені үміт беретін тағы бір жайт деп атап: «Батыс өркениетінің құлдырауы және түзу жолдан таюының айқын байқалуы үшін біраз уақыт кетеді. Бұл да Иран халқының қоғамдық қозғалысындағы үміт беретін жайт болып табылады»,-деп еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі: «Сіздер, жастар адамзаттың дұшпандары, яғни АҚШ пен Израильдің бұрмаланған өркениетінің құлдырауына куә болатындарыңызға сенімді болыңыздар»,-деді.
Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, студенттік ұйымдардың әсіресе соңғы бір жылда ішкі, аймақтық және халықаралық салаларда атқарған кейбір шаралары мен белсенділіктеріне тоқталып: «Студенттік топтардың жұмысшыларды қолдауы, істі немесе қызметті тапсыру тәсіліне араласуы, кейбір мәселелер бойынша үш билік пен Жүйе мүддесін анықтау алқасынан жауап талап етуі, сондай-ақ, Йемен халқын қолдау үшін жиын өткізуі, Жаңа Зеландия мен Нигерия оқиғаларына қатысты ұстаным білдіруі – осының барлығы өте жақсы жүзеге асырылған шаралар болды»,-деді.