Аятолла Джаннати: АҚШ Иранның қорғаныс күш-қуатынан хабардар
ИИР Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы АҚШ-тың Ислам республикасының қорғаныс күш-қуатынан хабардар екенін, сондықтан соғыс бастамайтынын қуаттады.
Аятолла Джаннати Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің отырысында АҚШ-тың Иранға қарсы әскери қоқан-лоққыларына тоқталып: «Ақ үй соғыс болса, аймақ пен әлем деңгейінде өзінің қандай қиындықтармен бетпе-бет келетіні туралы біледі»,- деді. Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы сондай-ақ хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болған күндеріне қатысты көңіл айтып, Қадір түнің адамадардың дұға жасап, рухани пайдалануы үшін ең жақсы мұрсат деп білді. Аятолла Джаннати Қадір түндерінің берекесіне Алла Тағала ның мұсылмандардың, әсріесе шиіттердің мәселелерін шешетініне үміттенді.