Рухани: Иран аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуды көздейді
ИИР Президенті елінің аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуды көздеп, басқа мемлекеттермен қақтығысуды қаламайтынын қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани өткен күні Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Санимен телефон арқылы сөйлесуінде Ораза айтпен құттықтап: «Иранға қарсы ақылсыз әрекет жасаған әр мелекет қатаң әрі өкіндіретін жауаппен бетпе-бет келеді. Аймақ мәселелері әскери жолмен шешілмейді. Иранның Ирактың БААС режимі диктаторы Саддамның Кувейтті басып алуы, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің Йеменге шабуыл жасауы мен Қатар үкіметін қоршауға алынуына қатысты ұстанымдары Иранның соғыс, қысым және санкцияларға қарсы екенін көрсетеді»,- деді. Рухани Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Иран, Йемен және Қатар арасындағы қарым-қатынастарының дұрыс емес екендеріне сілтеме жасап: «Саудиялықтар мен эмираттықтардың бұл әрекеттері бүкіл аймаққа зиян келтіреді»,- деп қосты.
Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Сани де Ораза айтпен құттықтап, Иран мен Қатар қарым-қатынастарын тарихи қарым-қатынастар деп тауып, Теһранның Қатардың қоршауға алынуына қатысты ұстанымына алғыс айтып, Доханың Теһранның сындарлы ұстанымын еш уақытта ұмытпайтынын және Иранмен жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейткісі келетінін қуаттады