Иран волейбол командасы Ұлттар лигасында Аргентина командасын жеңді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42371-Иран_волейбол_командасы_Ұлттар_лигасында_Аргентина_командасын_жеңді
Иран волейбол командасы Жапонияда өтіп жатқан "Ұлттар лигасы-2019" чемпионатының бесінші ойынында Аргентина командасын жеңді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 08, 2019 12:48 Asia/Almaty
  • Иран волейбол командасы Ұлттар лигасында Аргентина командасын жеңді

Иран волейбол командасы Жапонияда өтіп жатқан "Ұлттар лигасы-2019" чемпионатының бесінші ойынында Аргентина командасын жеңді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран командасы сенбі күні Жапония астанасы Токиода волейболдан Ұлттар лигасының екінші аптасындағы екінші ойында Аргентина командасымен бақ сынасып, нәтижесінде 3:1 есебімен жеңді.

Иран волейбол командасы ертең, жексенбі күні Жапония командасымен ойнайды.

Әлемдік лига кестесінде Иран волейбол командасы 4 ұтыс және 1 ұтылыспен 13 ұпай жинап, кестенің басына қайтып оралды, ал Франция командасы 4 ұтыспен 12 ұпай жинап, Бразилия 4 ұтыспен 10 ұпай жинап, екінші және үшінші орындарды иеленді.