Джаһангири: АҚШ ешбір негіз бен келіссөзге тұрақты емес
Иран Вице-президенті: «АҚШ Иранға қарсы санкцияларымен ешбір негіз бен келіссөзге тұрақты емес екенін дәлелдеді»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исхақ Джаһангири Занджан қаласында: «Осы кезде дұшпан алдап-арбап Иранға қарсы соғысқа енді. Бірақ Ислам республикасы осы күнге дейін зорлық-зомбылыққа бағынбайтынын көрсетті»,- деп қуаттады. Исхақ Джаһангири Занджан облысының қарсыласу экономикасы штабының отырысында: «АҚШ Иранға қарсы біржақты санкцияларымен Иранның экономикасын құлдыратуды көздеп отыр. Қысымдар мен санкцияларға қарамастан Құдайға шүкір Ислам республикасының шетелдік қарызы жоқ. Басқа елдерге қарағанда ресурстары мол, сондықтан оларға сүйеніп, жаңа табыс көздерін қалыпастыруы керек»,- деп қосты.