Иранда Батыс Азиядағы ең үлкен фармацевтикалық қалашық іске қосылды
Иранның Альборз облысында (Теһранның батысында) кеше, сейсенбі күні Батыс Азиядағы ең үлкен фармацевтикалық қалашық ашылып, бұл жерде 9 жаңа препараттың тұсаукесер рәсімі өтті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Денсаулық министрі Саид Намаки фармацевтикалық қалашықтың ашылу рәсімінде Иранның дәрі-дәрмек қажеттілігінің 97 пайызын елдің ішінде шығаратынына тоқталып: «Шетелдік дәрі-дәрмек Иран нарығының 1 миллиард 3 миллион долларға жуықталатын 3 пайызын құрайды. Жергілікті дәрілер ішкі нарқытың 97 пайызын қамтамасыз етіп, 550 миллион долларға жуықталады»,- деді.
Батыс Азиядағы ең үлкен фармацевтикалық қалашығының іске қосылу рәсімінде депрессияны емдейтін Sertraline hydrochloride, ерлар бедеулігін емдейтін Hydrochloride Dapoxetine, қанның ұйыуның алдын алатын Ticagrelor, тері инфекцияларын емдейтін Fusidate Sodium, буындардың қабынуына қажет Osteoarthritis, пигменттерді емдейтін Vitiligo дәрі мен Ricollersal мен Rhinooderm екі препарат, сүт безі обырының алдын алатын Vinorelbine мен инфаркт алған адамдардың еміне қажет Edaravone дәрісінің тұсаукесері өтті.