Иран Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әуе шабуылына қатаң жауап қайтарды
Өзінің құрлық, су және әуе шекараларын қорғау - әр елдің заңды құқығы. ИИР Парсы шығанағы аймағындағы бұл елдің әуе кеңістігін бұзған америкалық ұшқышсыз ұшақты құлатып, өз шекарасын қорғау үшін күдіктенбейтінін көрсетті.
АҚШ-тың Global Hawk ұшқышсыз ұшағы бұл елдің ең дамыған тыңшылық ұшқышсыз ұшақтарының бірі саналады. Тыңшылық ұшқышсыз ұшақты Иранның әуе кеңістігіне жіберу – түрткі әрекет. Бұл әрекет америкалықтардың Парсы шығанағы аймағындағы тынышсыздықтар мен қақтығыстардың негізгі факторы екенін анықтады. Сондай-ақ Иранға қарай жіберілген америкалық ұшқышсыз ұшақ авиация заңдарын бұзып, өз белгілерін сөндіріп, жасырын түрде Ормуз бұғазы аймағындағы Иранның әуе кеңістігіне кіріп, мәлімет жинауға кіріскен жағдайда, Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштері әуе қорғаныс жүйесімен құлатылды. АҚШ-тың бұл әрекеті - Иранға қарсы дұшпандылығының жалғасы. АҚШ Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестік ұстанымын білдіруімен бірге осы күндері Иранның әуе кеңістігін бұзды. АҚШ-тың Иранға қарсы әртүрлі әрекеттері халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысын бұзу болып табылады. Мұндай жағдайда Иран БҰҰ-на АҚШ-тың үстінен шағым түсіруімен бірге, әуе кеңістігінің бұзылуына қатаң жауап қайтарды. Бұл салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Ислам республикасының су, құрлық және әуе шекараларын қорғайтынын қуаттап: «ИИР АҚШ-тың жаңа шабуылы туралы БҰҰ-на жеткізіп, АҚШ-тың халықаралық сулар туралы өтірік айтуына назар аудартты»,- деді. АҚШ-тың тыңшылық ұшқышсыз ұшағы Иранның әуе кеңістігінде құлатылған соң америкалық саяси және әскери басшылары Global Hawk ұшқышсыз ұшақ Иранмен халықаралық сулар әуе кеңістігінде құлатылды деп уәжденді. Не дегенімен Иранның АҚШ-тың әуе шабуылына қарсы жауап қайтаруы өзінің әуе кеңістігін қорғау болды және Иранның соғысқысы келетінің білдірмейді. Өйткені ИИР соғыс жүргізуді көздемейді. Бірақ өзін қорғау үшін күмәнденбейді және бұл салада толық дайын. Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы Хосейн Салами: «АҚШ тыңшылық ұшқышсыз ұшағының Иранның су шекарасы кеңістігінің үстінде құлатылуы – анық жолдау. Иранның шекаралары – бұл елдің қызыл сызығы. Сондықтан бұл шекараларға шабуыл жасаған әр дұшпан жойылады»,- деді.