Иран авиация ұйымының басшысы: ИИР-ның әуе кеңістігі барлық рейстерге қауіпсіз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42503-Иран_авиация_ұйымының_басшысы_ИИР_ның_әуе_кеңістігі_барлық_рейстерге_қауіпсіз
Иран авиация ұйымының басшысы: "ИИР-ның әуе кеңістігі барлық рейстерге қауіпсіз. Әуе рейстері қалыпты режимде атқарылып жатыр",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 22, 2019 12:39 Asia/Almaty
  • Иран авиация ұйымының басшысы: ИИР-ның әуе кеңістігі барлық рейстерге қауіпсіз

Иран авиация ұйымының басшысы: "ИИР-ның әуе кеңістігі барлық рейстерге қауіпсіз. Әуе рейстері қалыпты режимде атқарылып жатыр",-деді.

Әли Абедзаде жұма күні IRNA-ға берген сұхбатында Иран көгінен ұшақтардың ұшып өтіп жатқанын айтып: "Барлық шетелдік әуе компаниялары Иранның әуе кеңістігіндегі рейстерін жалғастыруда",-деді.

Абедзаде: "Ешбір шетелдік әуе компания осы сәтке дейін Иранның авиация ұйымына өз бағытын өзгерту және бұл елдің әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салу туралы хабарлаған жоқ",-деп еске салды.  

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) бұдан бұрын Иран көгін Батыс Азиядағы ең қауіпсіз кеңістік деп атаған болатын.