Иран волейбол командасы Ұлттар лигасында Португалия командасын жеңді
Маусым 22, 2019 12:52 Asia/Almaty
Иранның ұлттық волейбол командасы Ұлттар лигасы-2019 жарысының төртінші аптасында жұма күні Иранның солтүстік-батысындағы Ардебиль қаласында Португалия командасын 3:1 есебімен жеңіп, өзінің Ұлттар лигасы кестесіндегі бірінші орнын нығайта түсті.
Иранның ұлттық волейбол командасы Португалия, Ресей, Польша, Канада, Италия, Германия, Қытай, Аргентина және Жапония командаларынан басым түсіп, 9 жеңіспен және Бразилиядан ұтылып, 1 жеңіліспен Ұлттар лигасы кестесінде бірінші орында келеді.
Сенбі күні Иран волейбол командасы Аустралия командасымен ойнайды.
Тегтер