Тахтраванчи: АҚШ Иранға қарсы әрекеттерін тоқтатуы керек
БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілі АҚШ-тың Иранның әуе кеңістігін сан рет бұзғанына тоқталып: «Вашингтон Иран халқына қарсы әскери қоқан-лоққы, соғысы және экономикалық лаңкестігін тоқтатуы керек»,- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Маджид Тахтраванчи АҚШ-тың сұрауымен бұл елдің тыңшылық ұшқышсыз ұшағының Иранның әуе кеңістігінде құлатылуына байланысты өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысының аясында, бұл ұшқышсыз ұшақтың Иранның әуе кеңістігіне 4 миль енген кезде құлатылғанын қуаттады. БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Иранның америкалық тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлату әрекетінің халықаралық заңдарға сай болғанын қуаттап: «БҰҰ Жарғысның 51-ші бабы бойынша Иранның әрекеті «заңды қорғаныс» саналады»,- деп қосты. Тахтраванчи АҚШ-тың қысымымен бұл отырысқа Иранның қатыспағанын еске салып: «Америкалық ұшақтармен сан рет әуе кеңістігі бұзылған ел ретінде бұл отырысқа қатысу Иранның құқығы еді»,- деп баса айтты.