Иранның волейбол командасы Чикагода өтетін Ұлттар лигасының финалына шықты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42570-Иранның_волейбол_командасы_Чикагода_өтетін_Ұлттар_лигасының_финалына_шықты
Иранның ұлттық волейбол командасы 2019 жылғы Ұлттар лигасы жарыстарының бесінші аптасындағы бірінші ойынында Сербия командасын жеңіп, финалға жолдама алған алғашқы команда болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 29, 2019 11:43 Asia/Almaty

Иранның ұлттық волейбол командасы 2019 жылғы Ұлттар лигасы жарыстарының бесінші аптасындағы бірінші ойынында Сербия командасын жеңіп, финалға жолдама алған алғашқы команда болды.

 

Иранның ұлттық волейбол командасы 2019 жылғы Ұлттар лигасы жарыстарының бесінші аптасындағы бірінші ойынында Болгарияның Пловдив қаласында Сербия командасын 3:1 есеппен жеңді. Иранның ұлттық волейбол командасы бүгін, сенбіде Болгария және ертең, жексенбіде АҚШ волейбол командаларымен ойнайды. "Ұлттар лигасы-2019" жарысының финалы алты команданың қатысуымен шілденің 10-14 күндері АҚШ-та өтеді.