Мусави: АҚШ тағы сәтсіздікке ұшырады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i42681-Мусави_АҚШ_тағы_сәтсіздікке_ұшырады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚХА Басқармалар кеңесінің отырысының өтуімен АҚШ-тың тағы оқшауланғынын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 11, 2019 11:48 Asia/Almaty
  • Мусави: АҚШ тағы сәтсіздікке ұшырады

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚХА Басқармалар кеңесінің отырысының өтуімен АҚШ-тың тағы оқшауланғынын қуаттады.

Аббас Мусави Твиттердегі парақшасында Иранға байланысты Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқармалар кеңесінің отырысына тоқталып: «АҚХА Басқармалар кеңесінде АҚШ-тың тағы бір сәтсіздігі тіркелді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының заңдылығы мен Иранның саяси және ахлақи негіздерге сай белсенді дипломатиясы уәждері мол бірақ сөздеріне сай амал етпейтіндердің бүкіл жолдарын жапты»,- деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттерде: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындайтын елдерді жазалауда»,- деп жазды. Зариф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына байланысты бұл келісімдегі мәселелерге араласу құқығының болмауын қуаттап: «АҚХА-нің 15 мәлімдемесі бойынша, Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына толық табанды болды»,- деп қосты.