Иран халқы дұшпанға бағынбайды
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы ешбір құдыреттің Иран үшін шешім қабылдай алмайтынын, сондықтан әлемнің Иран халқының ерік-жігерін құрметтеуі қажеттілігін қуаттады.
Генерал-майор Хосейн Салами бейсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Хозестан облысында ешкімнің Иран халқына өз ерік-жігерін қабылдатқыза алмайтынына тоқталып: «Дұшпанның Иранға байланысты қателеспегені жөн. Иран халқының қарсыласу ағымының үлкен мұғалімі екенін білгені дұрыс. Қысым, қоршау және қорқыту - Иран халқына қарсы қолданатын жол емес»,- деді. Иран өзінің ұлттық мүдделеріне сай тәуелсіз дамуына байланысты үнемі дұшпанның үгіттік және психологиялық шабуылы, тіпті қоқан-лоққылары және қорқытуларымен бетпе-бет келуде. Зорлық-зомбылық көрсететін құдыреттерге, олардың ішінде АҚШ-қа қарсы ерік-жігері мен табандылығы Иран халқының Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 40 жылда әртүрлі ауыр кезеңдерден беделімен шығуына себеп болды. Ислам революциясы әлемдіктер үшін қарсыласу, табандылық және жанкештілік сабағы болды. Ислам революциясы ИИР тәуелсіздігі мен егемендігін, бірлігі мен біртұтастығының көрінісі болып, дұшпанның өткен қырық жылдағы Иранның алдында әлсіз болуын көрсетті. Бағынбау - Ислам революциясының жеңісінен кейінгі Иран халқының тұрақты ерекшелігі. Бұл ерекшелік осы кезде әлемнің азат халықтары үшін үлгіге айналды. АҚШ-тың Иран халқына қарсы бүкіл дұшпандылықтарының тамыры бұл елдің әртүрлі қастықтарға табандылық білдіріп, оларды сәтсіздікке ұшыратуы болып табылады.
Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы сегіз жылдық соғысы мен Иран жауынгерлері мен халқының жеңіске жету ерік-жігерін көрсетті. Бұл халық дұшпадардың қысымы, санкциялары мен қоқан-лоққыларына бағынбайды. Ақ үйге енсімен Иран халқына қарсы дұшпандылығын әшкере көрсеткен Дональд Трамп әртүрлі, атап айтқанда санкция, қысым және қоқан-лоққылар сынды тәсілдерімен Иран үкіметі мен халқын бағындырғысы келді, бірақ бұл халықтың қарсыласуымен бетпе-бет келді. Сонымен бірге Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің америкалық Global Hawk ұшқышсыз ұшағының Парсы шығанағында Иранның әуе кеңістігін бұзуына қатаң жауап беруі америкалық әскери-технологиялық құдыретті дағдарысқа тіреді. Карлос Марио Парсы шығанағында америкалық Global Hawk ұшқышсыз ұшағының құлатылуына реакция білдіріп: «АҚШ-тың технологиялық саладағы артықшылығына күдік туды. Дамушы елдердің қауіпсіздік саласы жоғары деңгейге ие, олар өздерін қорғай алады, сондай-ақ жоғарылау технологиялық деңгейге жете алады»,- деді.
ИИР дұшпанның әртүрлі қысымдарына қарамастан аймақтың құдыретіне айналып, күш-қуаты күн сайын артуда. Дональд Трамтың Иранға байланысты тұрақсыз ұстанымы (қоқан-лоққыдан келіссөзге дейін) АҚШ-тың үмітсіздігі мен Иран халқының бағынбауынан туындап отыр.