Тафсир: Қарым-қатынастар теңгерімін дамыту – Иран дипломатиясының негізі
ИИР АҚШ-тың экономикалық соғысына қарсыласу үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Олардың бірі экономикалық даму саласында ішкі әлеуетін және аймақтың мұрсаттары мен ынтымақтастықтары мүмкіндіктерін пайдаланып, экономикалық қарым-қатынастарды түрлендіру болып табылады.
Осыған орай Иранның сыртқы қарым-қатынастарында әртүрлі ұстанымдар қалыптасып, ақпарат және саяси орталар оларды АҚШ-тың санкцияларына қарсы Иранның экономикалық дипломатиясы деп атады. Саяси-экономикалық тұрғыдан экономикалық даму үшін ішкі әлеуетті белсенді ету мен аймақ мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Сондықтан Иранның экономикалық дипломатиясы негіздерінше, екіжақты қарым-қатынастарды алға ілгерлетумен бірге аймақтық қарым-қатынастарды нығайтып, Еуразия Одағы, АСЕАН, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) және Үнді мұхиты жағалауындағы елдер одағы сынды ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтарға шоғырлану қажет. Өткен апталардағы Иранның саяси және экономикалық делегацияларының сапарлары, атап айтқанда осы кезде Бангладеште сапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрінің азиялық кездесулерін дәл осы мәселелермен байланыстыру керек. Иран Сыртқы істер министрі бұл сапарында Үнді мұхиты жағалауындағы елдер саммиті аясында екіжақты кездесулер жүргізіп, бұл саммитте сөз сөйлейді. Зариф Бангладештен кейін Индонезияға сапар шегіп, бұл елдің басшыларымен екіжақты және Ислам әлемінің өзгерістері туралы сөйлеседі. Зарифтың Үнді мұхиты жағалауындағы елдер саммитіне қатысуы мен сапарын Индонезиядағы кездесулермен жалғастыруы екі есе маңызды. Біріншіден, Зариф бұл сапарында азиялық қарым-қатынастар саласында Иран мен екі исламдық елдің екіжақты қарым-қатынастары туралы пікір алмасады. Сондай-ақ бұл сапар ортақ экономикалық және сауда мақсаттарды талқылау үшін жақсы мұрсат болып табылады. Екіншіден, Иран Сыртқы істер министрі Даккада өтетін Үнді мұхиты жағалауындағы елдер ынтымақтастық одағының отырсына қатысады. ИИР маңызды әрі сезімтал жағдаймен бетпе-бет келуде. Көбінде ИИР-ның өз мақсаттарына тұрақты болуына байланысты енгізілген залым санкциялар мен қысымдар елдің экономикалық дамуына қиындықтар тудырды. Санкцияларды пайдалану, халықаралық қысымдарды күшейту мен Иранды оқшаулау – бұл кезеңдегі АҚШ-тың негізгі үш стратегиясы. Алайда бұл жағдайдан өту үшін Иранның көптеген мүмкіндіктері бар. Иран бұл мүмкіндіктерді пайдаланып, қиындықтарды жеңіп шыға алады. Қазіргі жағдайдан өтіп, АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне қарсыласу үшін Иранның қолданып отырған факторларының бірі сыртқы және экономикалық теңгерімді дамыту болуда. Осы кезде бұл тақырып - Иранның сыртқы саясатының басты мәселесі. Иранның экономикалық дипломатиясының стратегиялық мақсаты ішкі әлеуетті пайдалану және аймақ пен халықаралық қарым-қатынастардағы Иранның экономикалық жағдайын нығайту болып табылады.