Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 04 Oct 2019 13:24:21 GMT )
Қаз 04, 2019 19:24 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Ирактағы наразылық оқиғаларына дұшпандардың теріс ықпалына тоқталып: "Дұшпандар Хосейннің қырқы- «Арбағин» күні болатын шеруге кедергі келтіруге күш салып жатқанымен биылғы шерулер өткен жылдардан да ауқымдырақ болады",-деді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хосейн (ғ.) байрағының зұлымдықпен күрес туы екенін айтып: "АҚШ пен сионистік режим қастандық жасау арқылы ақиқатты жасыруды мақсат етеді",-деді.

Аятолла Имами Кашани, сондай-ақ, Йеменнің зорлық-зомбылық көрген халқының басқыншыларды үсті-үстіне жеңіп жатқанына тоқталып: "Йемен халқының жеңістері Сауд режимі мен оның демеушілерінің абыройын төкті",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иран халқына қысымдары жайлы: "Иран халқының табанды төзімділігінің арқасында дұшпанның барынша қысымы олардың мейлінше қорлығына  себеп болды",-деді.

 

 

Тегтер