«Арбағиннің» 1500 шетелдік зияратшысы Астара шекарасы арқылы Иранға кірді
Әзірбайжан, Ресей мен Грузияның 1500 «Арбағин» зияратшысы Астара шекарасы арқылы Иранға кірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның солтүстігіндегі Астара шекаралық ауданының «Арбағин» штабының зияратшыларды қарсы алу комитетінің жауапты қызметкері Джамшид Маһдави сенбі күні сөйлеген сөзінде өткен жылы Астара шекарасы арқылы Иранға 12 мың шетелдік зияратшының кіргенін айтып, биыл олардың саны 15 мыңға жетеді деген болжам жасады.
Сондай-ақ, Систан мен Балучистанның «Арбағин» халықтық штабының хатшысы Реза Бахтияри мұхаррам айында, әсіресе Хосейннің қырқы кезінде Пәкістаннан Иранға келетін зияратшылар санының айтарлықтай көп болатынын айтып: «Кеше сенбі күні пәкістандық 4607 зияратшы Мирджаве шекаралық бекеті арқылы Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белучистан облысына кірді»,-деді.
Мұсылмандар қатысатын «Хосейннің қырқы» жаяу шеруі «Арбағин» күні Кербалада өзінің шарықтау шегіне жетеді. Ол «ең ірі жаһандық басқосу» деген атқа ие болған.