Ирак халқының қырағылығымен америкалық-саудиялық бүлік нәтижеге жетпеді
(last modified Mon, 07 Oct 2019 13:06:30 GMT )
Қаз 07, 2019 19:06 Asia/Almaty
  • Ирак халқының қырағылығымен америкалық-саудиялық бүлік нәтижеге жетпеді

Иранның Жоғары соты Раиси Ирактағы тынышсыздықтарға тоқталып, Ирак халқы мен үкіметінің қырағылығымен америкалық-саудиялық бүліктің нәтижеге жетпегенін қуаттады.

 

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сейед Ибраһим Раиси кеше дүйсенбі күні Теһранда Сот билігі жоғары кеңесінің отырысында: "Америкалықтар мен саудиялықтар бүлік тудырып, Иракта өтетін имам Хусейн (ғ.с.) «Арбағины» рәсіміне кір келтіргісі келді. Бірақ Ирак халқы мен үкіметінің қырағылығы бүліктің алдын алды. Бүлікшілер «Арбағин» рәсіміне соққы беру үшін жаңа қастандықтарды іздестіруде. Сондықтан оларға қарсы қырағы болу қажет",- деді.  

 

 

Тегтер