Фордудағы уран байыту – Иранның Еуропаның әрекетсіздігіне берген жауабы
Форду ядролық нысанында уран байытуды бастау арқылы Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін қысқартуға бағытталған төртінші қадамы жасалды. Бұл нысанда уран байыту біртіндеп 5 пайыздық деңгейге жететін болады.
Иран Атом қуаты ұйымы бейсенбі күні таңертең ИИР Президенті Хасан Руханидің бұйрығы бойынша Форду ядролық нысанында 1044 центрифугаға газ беріле бастағанын хабарлады.
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі Бехруз Камалванди сәрсенбі күні кешке сенбі күні Форду ядролық нысанындағы уран байыту мөлшері 4,5 пайызға жететінін мәлімдеді.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехидің айтуынша, төртінші қадам барысында уран байыту деңгейі 5 пайызға жеткізіледі.
Уран байыту – ядролық өнеркәсіптегі ең маңызды жұмыс. Иран бұл салада жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Иран қазіргі таңда уранды 20 пайызға дейін байыту қабілетіне ие. Алайда әзірге мұндай деңгейді қажет етпейді.
Иранда уран байыту ғылымы жергіліктендірілген. Бұл Иранның ядролық өнеркәсібіндегі стратегиялық басымдылығы. Бұл ғылым бейбіт ядролық зерттеулер мен даму, радиодәрілер жасау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында кең қолданылады.
Басқаша айтқанда, Иранның ядролық өнеркәсібі – дамып келе жатқан сала. Ирандық ғалымдар бұл салада технологиялық үлкен жетістіктерге жетті.
Иранның ядролық өнеркәсібі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен бірге бейбіт даму жолында қадам басып келеді. Натанз ядролық нысанында IR6 центрифугаларының жаңа буынын таныстыру Иран ядролық өнеркәсібінің күш-қуатын көрсетеді. АҚШ-тың барынша қысым жасау саясаты да Иранның дамуын тоқтата алмады.
Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін қысқартуға бағытталған төртінші қадамы осы келісімнің 36 тармағы аясында жүзеге асырылғандықтан аталмыш келісімді бұзу саналмайды. Еуропалық елдердің Иранның Форду ядролық нысанындағы жаңа шарасына реакциясы саяси сипатта орын алды. Ал шын мәнінде мұндай құқыққа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына мүше барлық елдер ие. Яғни егер бір тарап өз міндеттемелерін орындамаса, келесі тарап та өз міндеттемелерінің бір бөлігін алып тастай алады.
Осы салада АҚХА-нің бұрынғы бас директоры Ханс Бликс Форду ядролық нысанында уранның байытылуына реакциясында: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін қысқартуға бағытталған төртінші қадамы осы ядролық келісім аясында жасалып отыр",-деді.
Иран еуропалық тараптардың АҚШ-ның осы көпжақты халықаралық келісімнен шыққанына еш шара қолданбай, өз міндеттемелерін орындамағанына реакциясында өз міндеттемелерін қысқарту қадамдарын күн тәртібіне қойды.
Бұған қарамастан, Иран төртінші қадамды бастап, еуропалық тараптарға өз міндеттемелерін орындап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұрынғы жағдайға қайтару үшін екі ай мұрсат берді. Кері жағдайда Иран өзінің ұлттық мүдделерін сақтау мақсатында төртінші қадамнан да жоғары аяда бесінші қадамды жүзеге асырады.