Иранда жер сілкінді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44184
Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысы медициналық жедел жәрдем орталығының басшысы жұма күні таңертең облыстың Миане аймағында 5,9 балдық жерсілікінісі салдарынан 5 адамның қаза болғанын хабарлады.
(last modified 2025-04-23T13:41:39+00:00 )
Қар 08, 2019 15:03 Asia/Almaty
  • Иранда жер сілкінді

Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысы медициналық жедел жәрдем орталығының басшысы жұма күні таңертең облыстың Миане аймағында 5,9 балдық жерсілікінісі салдарынан 5 адамның қаза болғанын хабарлады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Шығыс Әзірбайжан облысының медициналық жедел жәрдем орталығының басшысы Фарзад Рахмани бұл жерсілкінісі салдарынан  325 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Шығыс Әзірбайжан облысының дағдарысты басқару орталығының басшысы Мұхаммад Бақер Хонарбар да жерсілкінісі болған ауылдарда 40-тан астам тұрғын үй қирағанын айтты.

Бейсенбіден жұмаға қараған түннің сағат 2:17-де Рихтер бағамы бойынша 5,9 балдық жерсілікінісі Шығыс Әзірбайжан облысының  Миане аймағының  Тарк қаласында болды. Зілзала жердің 8 км тереңдігінде орын алды.