Революция жетекшісі жерсілкінісінен зардап шеккендердің қайғысына ортақтасты
(last modified Sat, 09 Nov 2019 12:30:11 GMT )
Қар 09, 2019 18:30 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі жерсілкінісінен зардап шеккендердің қайғысына ортақтасты

Ислам революциясы жетекшісінің Шығыс Әзірбайжан облысындағы өкілі сенбі күні осы облыста жерсілкінісі болған аудандарды аралап, жетекшінің зілзаладан зардап шеккендердің қайғысына ортақ екенін жеткізді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Мұхаммадәли Ал Һашем осы сапарда зілзалаға ұшырағандардың күркелеріне барып, құтқарушылармен сұхбаттасып, өңірдің соңғы жағдайымен танысты.

Жұма күні таңертең 5,9 балдық жерсілкінісі Шығыс Әзірбайжан облысындағы Миане мен Сараб аудандарында болды.

Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланды.