Рухани: Иран халқы бөгделердің қысымына бірлікпен қарсы тұр
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44217-Рухани_Иран_халқы_бөгделердің_қысымына_бірлікпен_қарсы_тұр
ИИР Президенті дұшпандардың Иран халқына соққы беруге бағытталған қастандықтарына тоқталып: "Иран халқы бөгделердің қысымына бірлікпен қарсы тұр",-деді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 10, 2019 18:10 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы бөгделердің қысымына бірлікпен қарсы тұр

ИИР Президенті дұшпандардың Иран халқына соққы беруге бағытталған қастандықтарына тоқталып: "Иран халқы бөгделердің қысымына бірлікпен қарсы тұр",-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні Иранның орталық бөлігіндегі Йезд қаласы халқының алдында сөз сөйлеп, Иран халқының өз елі мен жері үшін жандарын пида етуге басқа кезден көбірек дайын екенін айтып: "АҚШ Иран халқының олардың қысымдарына табандылықпен қарсы тұрып келе жатқанын біледі",-деді.

Рухани, сондай-ақ, Иранда 53 млрд баррель қоры бар жаңа бір мұнай кен орнының табылғанын хабарлап: "Дұшпандар халыққа қысым жасау мақсатында Иран мұнайын сатуға санкция салған жағдайда ирандық инженерлер мен жұмысшылар бір кеніштен 53 млрд баррель мұнай тапты", - деді.