Рухани: Иранның ядролық әлеуеті өте жақсы жағдайда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44232-Рухани_Иранның_ядролық_әлеуеті_өте_жақсы_жағдайда
ИИР Президенті елінің ядролық саладағы жетістіктеріне тоқталып: «Қазіргі таңда Иранның ядролық әлеуеті басқа кезеңдерге қарағанда өте жақсы жағдайда»,- деді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 11, 2019 17:27 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның ядролық әлеуеті өте жақсы жағдайда

ИИР Президенті елінің ядролық саладағы жетістіктеріне тоқталып: «Қазіргі таңда Иранның ядролық әлеуеті басқа кезеңдерге қарағанда өте жақсы жағдайда»,- деді.

 

Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Керман облысының Рафсанджан халқының ортасында сөйлеген сөзінде: «Өткен жылдары Иранда ядролық энергетика саласында зерттеу және оны дамыту жұмыстары жалғасып, осы кезде елдің центрифугалары 5 түрден 15 түрге артты»,- деді. Рухани сондай-ақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сақталған жағдайда мемлекеттің алдағы жылдары қауіпсіздік және қорғаныс салаларында үлкен жетістікке жететініне тоқталып: «Егер БҰҰ-ның №2231 қарары бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сақталатын болса, келесі жылы Иранның қару-жарақ саласындағы санкцияларының күші жойылып, мемлекет қару сатып алу және экспорттау мүмкіндігіне ие болады»,- деді.