Қар 14, 2019 18:34 Asia/Almaty
  • Тәкфірлік ағымдардың оқшаулануы қарсыласу қозғалысының үстемшілдікті жеңуінің нәтижесі

Ислам мазхабтарын жақындастыру әлемдік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Араки ислам әлеміндегі бірлік жолдауының таралуы мен ислам әлеміндегі тәкфірлік ағымдардың оқшаулануын қарсыласу қозғалысының үстемшілдікті жеңуінің нәтижесі деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша аятолла Мохсен Араки бүгін бейсенбі күні Теһранда «Ислам бірлігі» халықаралық отыз үшінші конференциясының басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Бірлік дискурсы жік пен тәкфірлік дискурсын жеңді. Бүгін әл-Ақса мешіті мен Палестинаны қорғау бұрынғы уақыттардан көбірек мұсылмандар мен әлем халықтарының назар аударатын мәселе болуы керек. Бүгінде үстемшілдер мен сионистердің қастандықтарына байланысты мұсылмандардың Палестинаны қорғаудағы міндеті ауыр» деді.
Ислам мазхабтарын жақындастыру әлемдік ассамблеясының Бас хатшысы Палестина мен басқа аймақтардағы қарсыласу шебін қорғау қажеттігін баса айтып: «Қарсыласу шебінің жеңістері бұл шепті бұрынғыдан бетер күшейте түсті» деді.
 
Тегтер