Зариф: АҚШ басшыларының Иран халқына қолдауын жариялауы – ұятсыз өтірік
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44330-Зариф_АҚШ_басшыларының_Иран_халқына_қолдауын_жариялауы_ұятсыз_өтірік
ИИР Сыртқы істер министрі америкалық басшылардың Иран халқын қолдауларын ұятсыз өтірік деп атап: «Экономикалық лаңкестік жариялап, Иран халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберуге тыйым салып отырған режим еш уақытта Иран халқына қолдау көрсете алмайды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 19, 2019 17:21 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ басшыларының Иран халқына қолдауын жариялауы – ұятсыз өтірік

ИИР Сыртқы істер министрі америкалық басшылардың Иран халқын қолдауларын ұятсыз өтірік деп атап: «Экономикалық лаңкестік жариялап, Иран халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберуге тыйым салып отырған режим еш уақытта Иран халқына қолдау көрсете алмайды»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі кешке АҚШ басшылары, атап айтқанда Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен кейбір еуропалық үкіметтердің Иранның кейбір қалаларындағы тынышсыздықтарға байланысты алдамшы сөздеріне реакция білдіріп: «Заңды наразылық білдіру - ИИР Конституциясында ресми ескерілген халықтың құқығы. Сондықтан ресми мақсатын тіпті азық-түлік пен дәрі-дәрмек салаларына экономикалық қысым көрсету арқылы Иран халқын өздерінің заңсыз талаптарын орындауға мәжбүрлеу деп жариялаған режимдердің қолдауы қажет емес. Америкалық басшылар, атап айтқанда Помпео біріншіден адамзатқа, оның ішінде Иран халқына қарсы лаңкестік әрекеттері мен қылмыстарына жауап берсін»,- деп қуаттады. Иран Сыртқы істер министрі Германия мен Франция елдеріне арнап: «АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне қарсы ешбір ерік-жігерін көрсете алмаған мемлекеттер осы кезде дәрменсіздігін жасыру үшін қоғамдық тәртіпті бұзғандарға саяси қолдау көрсетуде, сондықтан өздерінің қатерлі түрткілерінің салдарларына жауапты болады»,- деп қосты.