Иран АҚШ-қа бүлікшілерді қолдағаны үшін наразылық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44366-Иран_АҚШ_қа_бүлікшілерді_қолдағаны_үшін_наразылық_білдірді
Иранда бензин бағасы қымбаттау оқиғасында АҚШ Иранның ішкі ісіне араласып, бүлікшілерге қолдау көрсеткенінен кейін Швейцарияның Теһрандағы елшісі АҚШ-тың мүдделерін қорғаушы ретінде Иран СІМ-не шақырылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 21, 2019 20:00 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-қа бүлікшілерді қолдағаны үшін наразылық білдірді

Иранда бензин бағасы қымбаттау оқиғасында АҚШ Иранның ішкі ісіне араласып, бүлікшілерге қолдау көрсеткенінен кейін Швейцарияның Теһрандағы елшісі АҚШ-тың мүдделерін қорғаушы ретінде Иран СІМ-не шақырылды.

ИИР СІМ Швейцарияның Теһрандағы елшісі Маркус Лайтнерге ИИР АҚШ-тың елдің ішкі ісіне араласуына наразылық білдірді.

Өткен жұма күні таңертең Иранда бензин бағасын өсіру жобасы орындалғанда ел астанасы Теһран мен басқа да қалаларда халық бейбіт наразылыққа шықты. Наразылар көшеге шығып, бұл жоба мен оның орындалу уақытына қарсылық білдірді. Иран үкіметінің маңызды шешімдеріне наразылық білдіруге халықтың құқығы бар. Бұл іс заң аясында атқарылуы тиіс.

Тынышсыздық пен бүлікшілікті қабылдауға болмайды. Кез келген үкімет қай жерде болса да, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзатын бүлікшілерге заң мен сот тұрғысынан қатынас көрсетеді. Әртүрлі елдерде, соның ішінде Еуропа елдері мен АҚШ-та да мұндай қатынасты көруге болады.

Кез келген елде халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатындарды қолдау сол елдің ішкі ісіне араласудың белгісі болып табылады. Ақ үй мен кейбір еуропалық елдердің Иранда бензин бағасының өсуіне байланысты халықтық наразылықтарды теріс пайдаланып, бүлікшілерді қолдауын Иранның ішкі істеріне әшкере араласу деп санауға болады.  

Бірқатар бүлікші Иранда наразы халықтың ортасына кіріп, қоғамдық және жеке мүлікке, тіпті банктер, агенттіктер, жедел жәрдем және қоғамдық көліктерге зиян келтірді. Бүлікшілердің бұл қозғалысы – қауіпсіздікке қарсы әрекет. Иранның тәртіп және қауіпсіздік күштерінің халық арасында қауіпсіздік пен тыныштық орнату мақсатында бүлікшілерге қатаң қатынас көрсетуі – ел азаматтары күтетін заңды шара.   

Иран халқын қолдай отырып, сонымен бір мезгілде бүлікшілердің әрекеттерін растау АҚШ-тың екіжүзді саясатын көрсетеді. Өйткені осы елдің Иран халқына қарсы экономикалық терроризмі адам құқығының негізгі принциптерін бұзу саналады. Мұның Иран халқын қолдауға мүлде қатысы жоқ. Мұндай жағдайда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның көз жасы Иран халқын шынайы қолдау дегенді білдірмейді. Өйткені өткен 41 жылдың ішінде АҚШ Иран халқына қарсы әртүрлі бүлдіргі әрекет жасады.

АҚШ, "Мұнафықтар" лаңкестік тобы мен Ислам революциясына қарсылардың бүлікшілер мен оппортунистерді қолдауы жаңа іс емес. Иран халқы әрдайым үкіметке наразылықтарын бейбіт түрде жеткізгісі келгенде Ислам революциясының дұшпандары араласып, тынышсыздық пен бүліктерге қолдау көрсетеді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен жексенбідегі фикһ дәрісінде бензин тұтынуды басқару жобасын орындаудан кейінгі мәселелер туралы: "Иранның дұшпандары мен антиреволюционерлер әрдайым бүлік пен тынышсыздықтарды қолдап келді. Қазір де солай істеп отыр",-деді.

Иран халқының ешбір әлеуметтік тобы қоғамдағы бүлік пен келеңсіздікті қолдамайды. Олар бүлікшілердің мақсаттарын түсініп, қоғамдық мүлікке тигізген шығындарын көрген соң өздерінің саптарын олардан бөліп алды. Қазір Иранның барлық жерінде тыныштық орнады.