Азари Джаһроми: Вашингтон Иранның дамуына тосқауыл жасай алмайды
ИИР Байланыс және технологиялар министрі Азари Джаһроми сенбі күні таңертең есімінің АҚШ-тың санкция салынған адамдардың тізіміне енгізілгеніне реакция білдіріп, Вашингтонның Иранның дамуының тосқауыл жасай алмайтынын қуаттады.
«Pars Today» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Азари Джаһроми Твиттердегі жазбасында оның санкциялар тізімінде жалғыз емес екеніне тоқталып: «Менен бұрын обыр ауруына шалдыққандар мен ЕВ ауруымен ауыратын балалар АҚШ-тың санкцияларымен бетпе-бет келді»,- деді. Ол сондай-ақ ғаламторды азат пайдалануды қолдауды жалғастыратынын қуаттады. ЕВ деп танымал Epidermolysi bullosa ауруына шалдыққандардың терілері өзгеріп, тері обырына айналуы мүмкін.
АҚШ Қаржы министрлігі Иранның Байланыс және технологиялар министрінің есімін ғаламторды пайдалануға тыйым салушы деген сылтаумен қара тізімге енгізді.