Рухани: АҚШ-тың аймақ халқына қарсы қастандықтары сәтсіздікке ұшырайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44629-Рухани_АҚШ_тың_аймақ_халқына_қарсы_қастандықтары_сәтсіздікке_ұшырайды
ИИР Президенті АҚШ-тың Иран, Ирак, Сирия, Ливан, Ауғанстан, Пәкістан, Йемен пен аймақтың басқа елдеріне қарсы қастандықтары халықтардың күшімен сәтсіздікке ұшырайтынын қуаттады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 11, 2019 18:35 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың аймақ халқына қарсы қастандықтары сәтсіздікке ұшырайды

ИИР Президенті АҚШ-тың Иран, Ирак, Сирия, Ливан, Ауғанстан, Пәкістан, Йемен пен аймақтың басқа елдеріне қарсы қастандықтары халықтардың күшімен сәтсіздікке ұшырайтынын қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күнгі үкіметтің отырысында: "Аймақ халықтары еш күдік-күмәнсіз дұшпандардың қастандықтарына қарсы тұрады. Иран халқы бұл салада әрқашан көшбасшы болды",- деді. Рухани сондай-ақ елінің Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдары дамығанына тоқталып: "Иранның биотехнология саласындағы жетістіктері шамамен 1 млрд долларды үнемдеп, елдің өзін қамтамасыз етуіне себеп болып, дәрі-дәрмек пен басқа жабдықтардың  импортының алдын алды",- деді.