Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі: АҚШ режимі өз қылмысының салдарларына жауапты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i44935-Иранның_Ұлттық_қауіпсіздік_жоғары_кеңесі_АҚШ_режимі_өз_қылмысының_салдарларына_жауапты
ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысының шәһид болуына себеп болған АҚШ-тың қылмысынан кейін АҚШ режимінің өз қылмысының салдарларына жауапты екенін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 03, 2020 22:19 Asia/Almaty
  • Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі: АҚШ режимі өз қылмысының салдарларына жауапты

ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысының шәһид болуына себеп болған АҚШ-тың қылмысынан кейін АҚШ режимінің өз қылмысының салдарларына жауапты екенін қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі жұма күнгі төтенше отырысынан кейін аталмыш оқиғаны әртүрлі тұрғыларын қарастырып, қажет шешім қабылдап, өз мәлімдемесінде: «АҚШ-тың  бұл қылмысының Батыс Азия аймағындағы ең үлкен стратегиялық қате болғанын білгені жөн. Вашингтон бұл қатесінің салдарларынан оңай құтылмайды»,- деп жариялады. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі қылмыскерлердің қолайлы жерде және қажет уақытта қатаң кекпен бетпе-бет келетініне тоқталып: «Жиһад пен қарсыласудың еселенген ынтамен жалғасатынына және қарсыласу ағашының күн сайын күшейетініне күмән тумайды. Бұл қылмыс  ДАИШ пен тәкфиршіл лаңкестердің лаңкестікке қарсы күрестің үлкен  қолбасшынан кек алу болды.  Ирандық және ирактық беделді қолбасшылардың қаның  араласуы Иран мен Ирак халықтарының келешектегі ажырамас бірлігінің көрінісі»,- деді.