Иран Британия басшыларының ойланбай жасаған әрекеттері мен сөздеріне реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде Теһрандағы Ұлыбритания елшісінің заңсыз әрекеті мен ішкі наразылық жиынына күмәнді түрде қатысуы мен британиялық басқа басшылардың орынсыз уәждерін айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемесінде Ұлыбританияның Премьер-министрін, Сыртқы істер министрі және Қорғаныс министрінің Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солеймани мен майдандастарын Иракта қаза еткен АҚШ-тың лаңкестік әрекеті жөніндегі сөздерін айыптап: «Ұлыбритания елшісінің Теһранның ішіндегі жиынына қатысуы Иранның ішкі істеріне әшкере араласу және дипломатиялық қатынастардың негіздеріне қайшы келеді. Британия басшылары Иранға қарсы аайыптаулардың АҚШ режиміне ойланбастан еруін және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындай алмауы мен Британия сотының Иран халқына жүздеген миллион фунт қайтару шешімін АҚШ-тан қорыққаннан қайтара алмауын жасыра алмайтынын білгені жөн»,- деп қуаттады.